jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Аида Тақабаева
Аида Тақабаева
Бұрынғы қызметкер

"Мен не істеп жүргенімді білемін, сайтан алғыр": Байден халыққа алдын ала хабарламастан үндеу жасады

Джо Байден
Джо Байден. Фото: Sean Rayford/Getty Images

Америка Құрама Штаттарының президенті Джо Байден үндеу жасады, бірақ ол халыққа алдын ала хабарланбаған. Үндеудің басты тақырыбы ақыл-есі жөнінде айтқан арнайы прокурор Хёрдің баяндамасы болды, деп хабарлайды РИА Новостиге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Атап айтқанда, АҚШ президентін арнайы прокурордың "Америка көшбасшысы құжаттарды дұрыс сақтамағаны" туралы баяндамасының бір бөлігі ашуландырды. Онда АҚШ басшысы "есте сақтау қабілеті нашар қарт адам" деп аталған.

"Мен ізгі ниетті қарт адаммын және не істеп жүргенімді білемін, сайтан алғыр. Мен президентпін және бұл елді қайта аяғынан тұрғыздым", - деді Байден Ақ үйде.

Басылым жазуынша, баяндамадағы арнайы прокурордың "ұлының қашан қайтыс болғаны АҚШ президентінің есінде жоқ" деген сөзіне пікір білдірмек болған Байден ашуланған.

"Бұл тақырыпты көтеруге оның қалай батылы барды, сайтан алғыр!" - деді АҚШ президенті.

Байден ұлының қашан қайтыс болғанын ұмытпағанын, еске алу шараларын өткізіп тұратынын атап өтті.

"Бұны есіме салудың қажеті жоқ", - деді Байден.

Сондай-ақ АҚШ президенті ақыл-есі орнында екенін айтты.

"Президент ретінде қандай істер атқарғанымды қараңыз", - деді Байден.

Басылымның мәліметінше, жақында арнайы прокурор Роберт Хёр Байденнің құпия құжаттарды дұрыс сақтамағаны туралы іс бойынша есеп жариялаған.

Баяндамаға сәйкес, Америка президенті тергеуден кейін қылмыстық қудалауға ұшырамайды. Құжатта Хёр Байденнің есте сақтау қабілетіндегі проблемаға байланысты құпия құжаттарды "жазықсыз қателікпен" сақтағанын және вице-президент болған кезін есіне түсіре алмағанын да атап өтеді.

"Мен не істеп жүргенімді білемін, сайтан алғыр": Байден халыққа алдын ала хабарламастан үндеу жасады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.