jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Нұрила Ермекбай
Нұрила Ермекбай
Бұрынғы қызметкер

"Астында жұмысшылар қалды": Түркияда алтын шахтасында топырақ көшкіні жүрді (видео)

Түркияда шахтада топырақ көшкіні болды
Түркияда шахтада топырақ көшкіні болды. Видеодан кадр: t.me/aviapro1

Түркияның шығысында Ерзинжан провинциясындағы алтын кеніші опырылып, жұмысшылар үйінді астында қалып қойған. Бұл туралы провинция губернаторы Хамза Айдоғду мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новостиге сілтеме жасап.

Хамза Айдоғдудың сөзінше, Илич ауданындағы шахта аймағында топырақ көшкін жүрген.

"Үйінді астында жұмысшылар қалды, олардың нақты саны белгісіз. Басқа провинциялардағы командалардың қатысуымен іздеу-құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр", - деп мәлімдеді губернатор NTV телеарнасына берген ақпаратында.

Шахтаны басқаратын Anagold компаниясы баспасөз релиізінде болған жайтты растап, олардың шұғыл қызметтер қызметкерлері де үйінді астында қалғандарды іздеу жұмыстарына қатысып жатқанын хабарлады.

"Астында жұмысшылар қалды": Түркияда алтын шахтасында топырақ көшкіні жүрді (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.