Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Новости русской службы Би-би-си

Ақ үй ғарышта Ресейден қауіп бар екенін растады

Опубликовано:

Джон Кирби
Джон Кирби. Фото: Brendan Smialowski / AFP / Getty Images

Ақ үй бейсенбіде Ресейдің ғарыштағы спутниктерге қарсы жасаған қаруынан ұлттық қауіпсіздікке қауіп төнгенін растады. Бұл туралы жақында АҚШ заңгерлері айтқан болатын. Президент Джо Байден осы мәселе бойынша Мәскеумен байланыс орнатуды бұйырды.

"Бұған Ресей әзірлеп жатқан жерсерікке қарсы потенциал себеп. Біріншіден, бұл белсенді потенциал емес. Ресейдің осы ерекше потенциалды құруға деген ұмтылысы уайым тұғызғанымен, ешкімнің қауіпсіздігіне тікелей қауіп төніп тұрған жоқ", - деді Ақ үйдегі Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің стратегиялық коммуникациялар жөніндегі үйлестірушісі Джон Кирби брифингте.

Оның айтуынша, сөз Жердегі адамдарға немесе объектілерге шабуыл жасау үшін қолданылатын қару турасында болып тұрған жоқ, бірақ Вашингтон Ресейдің әрекетін мұқият қадағалап отыр.

Ол ғарышқа қару-жарақ орналастыруды халықаралық құқық пен 130-дан астам мемлекет, соның ішінде Ресей қол қойған шартты бұзу деп атады.

"[АҚШ президенті Джо Байден] конгресс басшыларына қосымша брифингтер өткізу, Ресеймен, одақтастарымыз бен серіктестерімізбен және дүние жүзіндегі мүдделес басқа елдермен тікелей дипломатиялық қарым-қатынас орнатуды қоса алғанда, бірқатар бастапқы шара қабылдауға бұйрық берді", - деді ол.

Ол сондай-ақ Ақ үй Ресейден келетін қауіп туралы барлау мәліметтерін жариялауға жасыл жарық бермегенін айтты.

"Барлау қауымдастығы бұл барлау мәліметтерін кеңінен жариялауға қауіптеніп отыр. Сондай-ақ олар барлау мәліметтерін бірден жариялаудан көрі, жеке өзара әрекеттен бастау әлдеқайда тиімді әдіс деп санайды", - деді Кирби.

Сәрсенбіде Конгресс өкілдері палатасының Барлау комитетінің төрағасы, республикашыл Майк Тернер комитет Конгресс мүшелеріне Құрама Штаттардың "ұлттық қауіпсіздігіне елеулі қатер" туралы ақпарат бергенін айтты. Америкалық БАҚ-тың дереккөздері қауіп Ресейден туып тұрғанын хабарлады.

"Мен президент Байденнен осы қауіпке қатысты барлық ақпаратты жариялауды сұраймын, сонда Конгресс, әкімшілік және одақтастарымыз осы қауіпке жауап беруге қажет іс-шараларды ашық түрде талқылай алады", - деді Тернер.

Алайда ресми тұлғалардың айтуынша, АҚШ пен оның одақтастарына тура және тікелей қауіп төніп тұрған жоқ. New York Times ресми тұлғаларға сілтеме жасай отырып жазуынша, әңгіме Ресейдің әлеуетті жоспарларытуралы болып отыр және бұл жоба әлі де әзірлеу сатысында.

Кейбір америкалық басылымдар аноним шенеуніктердің пікірлеріне сілтеме жасай отырып, Украинаға шұғыл көмек көрсетуді жақтайтын Тернер бұл шуды Өкілдер палатасын осы көмекке миллиардтаған доллар бөлу туралы заң жобасын қабылдауға итермелеу үшін көтеріп отыр деп есептейді.

Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков ғарыштағы ресейлік қару туралы жарияланымдарға түсініктеме бере алмайтынын айтты.

"Мен бұған ешқандай түсініктеме бере алмаймын. [...] Бірақ, анығы, Ақ үй Конгрессті [Украинаға] ақша бөлу туралы заң жобасына дауыс беруге итермелеуге тырысып отыр, бұл анық. Ақ үйдің қандай айла-шарғы жасайтынын көре жатармыз", - деді Песков журналистерге.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2061289-aq-ui-garysta-reseiden-qauip-bar-ekenin-rastady/

pixel