Кремль Навальныйдың өліміне қатысты пікір білдірді
Жарияланған күні:
Читать на русскомРесейлік оппозиция өкілі Алексей Навальныйдың колонияда қаза табуына Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков пікір білдірді. Бұл туралы РИА Новостиге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
"Навальныйдың өлімі туралы Мәскеуден хабарланды. Навальныйдың өліміне қатысты қосымша тапсырмалар қажет емес", - деді Песков.
Путиннің баспасөз хатшысы ФҚАҚ тексеріс жүргізіп жатқанын айтты. Навальныйдың неден қайтыс болғанын дәрігерлер анықтайды.
"ФҚАҚ ережелерге сәйкес, мұндай жағдайда қабылдануы тиіс қадамдарды жасайды", - деді Песков.
Еске сала кетсек, ресейлік оппозиция өкілі Алексей Навальный бүгін колонияда қайтыс болған еді. Бұл туралы Федералдық қылмыстық атқару қызметінің өкілдері хабарлады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2061441-kreml-navalnyidyn-olimine-qatysty-tusinikteme-berdi/