jitsu gif branding logo appbranding logo app

Кремль Навальныйдың өліміне қатысты пікір білдірді

Алексей Навальный
Алексей Навальный. Фото: instagram.com/navalny

Ресейлік оппозиция өкілі Алексей Навальныйдың колонияда қаза табуына Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков пікір білдірді. Бұл туралы РИА Новостиге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Навальныйдың өлімі туралы Мәскеуден хабарланды. Навальныйдың өліміне қатысты қосымша тапсырмалар қажет емес", - деді Песков.

Путиннің баспасөз хатшысы ФҚАҚ тексеріс жүргізіп жатқанын айтты. Навальныйдың неден қайтыс болғанын дәрігерлер анықтайды.

"ФҚАҚ ережелерге сәйкес, мұндай жағдайда қабылдануы тиіс қадамдарды жасайды", - деді Песков.

Еске сала кетсек, ресейлік оппозиция өкілі Алексей Навальный бүгін колонияда қайтыс болған еді. Бұл туралы Федералдық қылмыстық атқару қызметінің өкілдері хабарлады.

Кремль Навальныйдың өліміне қатысты пікір білдірді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.