jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Путин Ким Чен Ынға көлік сыйлады

Ким Чен Ын
Ким Чен Ын. Фото: Brendan Smialowski / AFP / Getty Images

КХДР басшысы Ким Чен Ынге Ресей президенті Владимир Путин Ресейде жасалған көлікті сыйға тартты.

18 ақпанда ресейлік тараптан берілген сыйлықты КХДР жұмысшылар партиясы орталық комитетінің хатшысы Пак Чон Чон мен партияның Орталық комитеті бөлім меңгерушісінің орынбасары, Солтүстік Корея лидерінің әпкесі Ким Йо Чен қабылдады.

Бұл туралы РИА Новости Солтүстік Кореяның Орталық телеграф агенттігіне сілтеме жасап хабарлады.

"КХДР Мемлекеттік істерінің төрағасы жолдас Ким Чен Ынға Ресей президенті Владимир Владимирович Путин Ресейде шығарылған жеке автокөлікті сыйға тартты", - делінген хабарламада.

Солтүстік Корея лидерінің әпкесі бұл сыйлық "қос ел басшыларының арасында қалыптасқан ерекше достықтың айқын көрсеткіші" екенін айтты.

Путин Ким Чен Ынға көлік сыйлады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.