Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қырғызстанда ажырасқан әйелдерге желіде бұрынғы күйеуі туралы айтуға тыйым салынуы мүмкін

Опубликовано:

Телефон ұстап отырған адам
Телефон ұстап отырған адам. Көрнекі фото: pixabay.com

Қырғызстанда ажырасқан әйелдерге қатысты бірқатар шектеу қою ұсынылған. Оларға әлеуметтік желілерде бұрынғы күйеуі мен оның отбасы туралы айтуға тыйым салынуы мүмкін, деп хабарлайды 24.kg.

Басылым мәліметінше, Қырғызстан министрлер кабинетінің төрағасы Ақылбек Жапаров орынбасары Еділ Байсаловқа әлеуметтік желілерде пайда болған жазбаларды бақылауды тапсырған.

Жапаров ажырасқан әйелдер күйеуі мен оның ата-анасы туралы жағымсыз пікір айтпауы керек деп санайды.

"Біз салт-дәстүрімізге, әдет-ғұрпымызға қайшы келетін мәлімет таратуды шектеуіміз керек. Кейбір келіндер өз әкесін мақтап, бірақ қайын атасы мен енесін жамандап жатады. Олар ажырасқанда әлеуметтік желіге қайын жұрты туралы пікірін жазады. Бұл үлгі емес", - деді министрлер кабинетінің төрағасы.

Ішкі істер министрлігінің деректеріне сілтеме жасаған басылым мәліметінше, Қырғызстанда 2023 жылы ресми түрде 13,1 мың адам тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған, олардың 95 пайызы әйелдер.

Сондай-ақ басылымда министрлер кабинеті басшысының әйелдерге, қыздарға қатысты мұндай пікір айтуы бірінші рет емес екені атап өтілген. Мәселен, 2022 жылғы қыркүйекте мектептің ашылу салтанатында Жапаров қыздар "үй бикесі болуды", ал ұлдар "ақша тауып, өз Отанын қорғауды үйренуі керек" деген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2063391-qyrgyzstanda-azyrasqan-aielderge-zelide-buryngy-kuieui-turaly-aituga-tyiym-salynuy-mumkin/

pixel