Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Новости русской службы Би-би-си

Газаға гуманитарлық көмек тиелген көліктер келгенде 100-ден аса палестиналық қаза тапты

Жарияланған күні:

Газадағы израильдік әскерилер
Газадағы израильдік әскерилер. Фото: Mostafa Alkharouf/Anadolu via Getty Images

Гуманитарлық көмек жүгі бар автоколонна Газаға кірген уақытта 110-нан аса палестиналық қаза тапты. Олардың кейбірін көлік қаққан, ал бір бөлігі қалың нөпірде қысылып қалған. Өткізу пунктінің әскерилері оғынан қаза тапқандар да бар.

Тақырып бойынша жаңа жарияланым:
Газада гуманитарлық көмек тиелген 100 шақты жүк көлігі тоналды

Гуманитарлық көмек күткен жұрт Газа қаласының батысындағы жағалау жолында Израиль әскери бақылау бекеті арқылы өтіп бара жатқан жүк көліктерінің колоннасын қоршап алған.

Израиль әскерилері қауіп төндіретін кейбір палестиналыққа оқ жаудырды деп мәлімдеді. Дүрбелеңде жүк көліктері алға ұмтылған. Оқиғаның куәгері болған палестиналық ВВС-ге қаза тапқандардың көпшілігін көліктер қағып кеткенін растады.

Израиль әскерилері жариялаған әуе түсірілімінде мыңдаған адам жүк көліктеріне ағылып, айналасында жиналып жатқанын көруге болады.

Газаның ХАМАС бақылауындағы Денсаулық сақтау министрлігі бұл оқиға үшін Израильді айыптады, ал АҚШ президенті Джо Байден бұл оқиға АҚШ пен басқа делдалдардың ХАМАС пен Израиль арасындағы соғыста атысты уақытша тоқтатуға бағытталған күш-жігерін қиындатады деп алаңдайтынын жеткізді.

Израиль билігінің өкілі Ави Химан бұл оқиғаны "трагедия" деп атап, алдын ала мәліметтер бойынша кінәлілерді атады. Оның сөзінше, мұндай мөлшердегі адам өлімінің себебі бір сәтте сасып қалып, гуманитарлық көмектің келуін күткен көптеген адамды қағып өткен көлік жүргізушілері кінәлі.

Оқиға туралы не белгілі:

  • Бейсенбіде, таңғы сағат 4-тен кейін көп ұзамай гуманитарлық көмек жүгі бар автоколонна Газаға израильдік бақылау бекеті арқылы кірген. Колоннада 18-ден 30-ға дейін жүк көлігі болды, ол бірнеше жүз метрге созылды.
  • Адамдар жүк көліктеріне қарай жүгірген, олар қол жеткізе алатын барлық нәрсені алып қалуға тырысқан, бұл таңғаларлық жайт емес, өйткені Газаға бірнеше апта бойы ешқандай көмек көрсетілмеген.
  • Бақылау-өткізу пунктіндегі әскерилер қауіп пайда болды деп есептеп, оқ жаудырған. Алайда бұл жағдайды Цахал басшылығы "ұстамды реакция" деп санайды.
  • ХАМАС бақылауындағы Газа Денсаулық сақтау министрлігі оқиға салдарынан 112 палестиналық қаза тауып, 760 адам жарақат алды деп хабарлады және олардың өліміне көпшілікке оқ атқан Израиль әскери күштерін кінәлады. Министрлік өкілі Ашраф әл-Кудра болған оқиғаны "қырғын" деп атады.
  • Би-Би-Си сөйлесе алған куәгерлер адамдардың көпшілігі сарбаздардың атуынан емес, жүк көліктерінің астында және одан кейінгі жанжалда қаза тапты деп мәлімдейді.
  • БҰҰ бас хатшысы Антонио Гутерриш Газада болған оқиғаны айыптап, бейбіт тұрғындар гуманитарлық көмекке мұқтаж екенін еске салды және тағы да жедел гуманитарлық бітімгершілікке, сондай-ақ кепілге алынған барлық адамды босатуға шақырды.
  • Президент Джо Байден журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып, бұл Ақ үй Израиль мен Палестина тараптары ұсынған Газадағы оқиғалардың қарама-қайшы бір нұсқасын қарастыратынын және болған жағдай кепілге алынған адамдарды босату туралы келіссөздерді қиындататынын мойындады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2063875-gazada-gumanitarlyq-kolikter-kelgende-100-den-asa-palestinalyq-qaza-tapty/