jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
ГҚ
Гүлзат Қазанғапова
Бұрынғы қызметкер

Бангладеште көпқабатты үйдегі өрттен 43 адам қаза тапты

Бангладештегі өрт
Өрт. Оқиға орнынан фотосурет: Munir Uz Zaman/AFP via Getty Images

Бангладеш астанасы Даккада көпқабатты үйдегі өрттен кем дегенде 43 адам қаза тапты. Бұл туралы BBC-ге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Жергілікті БАҚ хабарына қарағанда, жеті қабатты мейрамханада жергілікті уақыт бойынша кешкі сағат 22.00 шамасында басталған өрт тез арада бүкіл ғимаратқа тарап, ондаған адам өрт құрсауында қалған.

Өртсөндірушілер тілсіз жаудың бетін қайтарғанымен, оның шығу себебі әлі белгісіз.

Елдің Денсаулық сақтау министрі Саманта Лал Сеннің айтуынша, қаза тапқан 43 адамның арасында әйелдер мен балалар бар, тағы ондаған адам күйік бөліміне жеткізілген.

"Біз баспалдақпен көтеріліп келе жатқан түтінді көрген кезде алтыншы қабатта едік", - деді журналистерге қашып үлгерген мейрамхана менеджері Сохель. - Көптеген адам баспалдақпен жоғары көтерілді, бірақ біз су ағатын құбырмен төмен түстік. Кейбірі жоғарғы қабаттардан секіріп, жарақат алды".

Бангладеште көпқабатты үйдегі өрттен 43 адам қаза тапты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.