Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"155 млн доллар жұмсаған": үндістандық миллиардер ұлының үйлену тойына арналған кешті дүркіретіп өткізді

Опубликовано:

Мукеш Амбани отбасымен
Мукеш Амбани отбасымен. Фото: edition.cnn.com

Үндістанның ең бай адамдарының бірі Мукеш Амбани ұлының үйлену тойына арналған үш күндік кеш ұйымдастырып, әлемнің ең танымал адамдарын шақырды. Мұндай жаһандық тойға CNN-ге сілтеме жасап, KAZ.NUR.KZ шолу жасады.

Көктемнің алғашқы күндерінде Үндістанда әлемнің түкпір-түкпірінен келген қонақтар 155 млн АҚШ долларына бағаланған ең үлкен үйлену тойының құрметіне арналған кешке жиналды. Азияның ең бай кәсіпкері, байлығы Forbes 117 миллиард долларға бағаланған Мукеш Амбанидің ұлы Анант Амбани тағы бір миллиардер Радик Мерчанттың қызына үйленді.

Күйеу жігіт Анант Амбани мен қалыңдық Радика Мерчант
Күйеу жігіт Анант Амбани мен қалыңдық Радика Мерчант. Фото: edition.cnn.com

Анант пен 29 жастағы қалыңдығы Радика Мерчанттың үйлену тойы 12 шілдеге жоспарланғанымен, той алдындағы кеш те одан кем түсіп жатқан жоқ.

Reuters агенттігінің хабарлауынша, қонақтарға 100-ге жуық аспаз дайындаған 500 тағам ұсынылды. Шақырылғандарға жоспарлау құжатының көшірмесі берілді.

Демалыс күндерінде өткен той алдындағы мерекелік кештер Джамнагар қаласында, Гуджарат штатының батысында өтті.

Мерекелік думанға Билл Гейтс сүйіктісі Пола Хердпен келді.

Билл Гейтс
Билл Гейтс пен Пола Херд. Фото: edition.cnn.com

Бұл думан әлем жұлдыздарының ең сәнді тойларынан да басып озды. Оған Хиллари Клинтон, Билл Гейтс, Марк Цукерберг және басқа да көптеген танымал тұлғаларды қосқанда 1200 адам шақырылды. Бұл ретте Амбани отбасы шығындарды өз мойнына алды. Мысалы, қонақтарды Джамнагарға чартерлік рейстер мен паромдармен жеткізді.

Марк Цукерберг және әйелі Присцилла Чан
Марк Цукерберг және әйелі Присцилла Чан. Фото: edition.cnn.com

Үйлену тойы үшін арнайы индуизм ғибадатхана кешені салынуда, ол кейінірек жұртшылық үшін ашық болатыны хабарланды.

Сәрсенбі күні Амбани отбасы 50 000-нан астам ауыл тұрғынына кешкі ас берді.

Тойда танымал әнші Рианна да бой көрсетті. Кейбір дереккөздердің айтуынша, өнер көрсеткені үшін оған 7 млн АҚШ доллары төленіпті.

Рианна
Рианна тойда өнер көрсетті: edition.cnn.com

Үнділік танымал актерлер де тыс қалмады: Салман Кхан, Рам Чаран, Шахрух Кхан және Амир Кхан үйлену тойының алдындағы кештерде өнер көрсетті.

Үнді актерлері
Үнді актерлері. Фото: edition.cnn.com

Қонақтарға арналған дресс-код ережесі 9 бетке жазылған. Үш күн үшінде қонақтар 5 түрлі дресс-кодты ұстанған.

Иванка Трамп
Джаред Кушнер, Иванка Трамп және қыздары Арабелла той иесімен. Фото: edition.cnn.com

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2064607-155-mln-dollar-zumsalgan-undistandyq-milliarder-ulynyn-uilenu-toiyn-durkiretip-otkizdi-foto-video/

pixel