Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Песков Ресей ядро қаруын қандай жағдайда қолданатынын айтты

Жарияланған күні:

Дмитрий Песков
Дмитрий Песков. Фото: Sefa Karacan/Anadolu via Getty Images

РФ президенті Владимир Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Ресей ядролық қаруды қандай жағдайда қолданатынын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ РБК сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Дмитрий Песков Ресей ядролық қаруды "елге қандай да бір қауіп төнген жағдайда ғана қолданады" деп мәлімдеді.

Оның айтуынша, Ресей Федерациясы ядролық қаруға қатысты өз доктринасын ұстанады. Бұл құжатта ядролық қару "қоштасу қаруы" ретінде сипатталады.

"Бұл мәселе жүйелі түрде жүргізіліп жатыр, бұл өте қауіпті... Бізге келетін болсақ, ядро қаруын қолданудың барлығы тиісті доктринада жазылған. Бұл жерде заң тілінен тыс айтар болсақ, бұл қоштасу қаруы деп түсіндіріледі. Егер біздің өмірімізге, елімізге қауіп төндірсе, онда ядролық қару қолданылады", - деді ол.

Еске салайық, 29 ақпанда Ресей президенті Владимир Путин федералдық жиналыста ядролық қаруды қолдануға қатысты қақтығыс қаупі барын мәлімдеген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2064878-peskov-resei-yadro-qaruyn-qandai-zagdaida-qoldanatynyn-aitty/