jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Аида Тақабаева
Аида Тақабаева
Бұрынғы қызметкер

Путин Ресей ядролық соғысқа техникалық тұрғыдан дайын екенін мәлімдеді

Владимир Путин
Владимир Путин. Фото: kremlin.ru

Ресей президенті Владимир Путин Ресей әскери-техникалық тұрғыдан ядролық соғысқа дайын екенін айтты – ол қандай жағдайда тиісті сынақтар жүргізе алатынын нақтылады. Бұл туралы РБК-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Жүргізуші Владимир Киселевке берген сұхбатында Путин Ресей әскери-техникалық тұрғыдан ядролық соғысқа дайын екенін айтты.

"Әскери-техникалық тұрғыдан алғанда, біз, әрине, дайынбыз. Бізде олар (ядролық зымырандар - РБК ескертпесі) үнемі жауынгерлік әзірлікте тұрады", - деді Путин.

Сонымен бірге ол "Украинадағы соғыста ешқашан тактикалық қару қолдану ниеті болмағанын" қайталап айтты. Ресей президенті стратегияға сәйкес, ядролық қаруды "Ресей Федерациясының егемендігі мен тәуелсіздігіне" қауіп төнген жағдайда ғана қолдануы мүмкін екенін атап өтті.

Бұған қоса Путин егер Америка Құрама Штаттары ядролық сынақтар өткізетін болса, Ресей де солай жасауы мүмкін екенін айтты.

Бұған дейін Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Ресей ядролық қаруды қандай да бір қауіп төнген жағдайда ғана қолданады деп мәлімдеген.

Ақпанда АҚШ Конгресі "қауіпсіздікке елеулі қатер" төнгенін мәлімдеді. Конгресс өкілдері оны Ресеймен және ғарыштағы ядролық қарумен байланыстырды.

Путин Ресей ядролық соғысқа техникалық тұрғыдан дайын екенін мәлімдеді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.