Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Новости русской службы Би-би-си

Путин рекордтық 87 пайыз дауыс жинап, президенттік сайлауда жеңіске жетті

Жарияланған күні:

Владимир Путин
Владимир Путин. Фото: kremlin.ru

Ресейдегі президенттік сайлаудың 99 пайыздан астам хаттама нәтижесі бойынша Владимир Путин 87,31 пайыз дауыс жинады, деп хабарлайды Ресей Орталық сайлау комиссиясы. Сайлауға халықтың 74,22 пайызы қатысқан.

Путиннің бәсекелестері 13 пайыздан аз дауыс жинады.

Екінші орында Николай Харитонов (4,30 пайыз), үшінші орында Владислав Даванков (3,83 пайыз), төртінші орында Леонид Слуцкий (3,21 пайыз) дауыс жинаған.

Пайыздық көрсеткіш бойынша ең көп Шешенстан халқы дауыс берген. Ондағы халықтың 98,99 пайызы Путинге дауыс берді.

Владимир Путинді Ресейдің Кемерово облысында – 95,73 пайыз, Тувада – 95,37 пайыз, Еврей автономиялы облысында – 92,35 пайыз, Саратов облысында – 91,66 пайыз, Белгород облысында – 90,66 пайыз, Адыгейде – 90,18 пайыз, Қарашай-Черкес облысында – 90,07 пайыз халық қолдаған.

Ресми мәліметтер бойынша Путин Мәскеуде 85,13 пайыз, Мәскеу облысында 86,19 пайыз дауыс жинады.

Ең көп дауыс беру (90 пайыздан астам халық) Шешенстанда, Кемерово облысында, Тувада, Кабардин-Балкарияда және Солтүстік Осетияда тіркелді. Рекордтық белсенділік Қиыр Шығыста да тіркелді.

Батыс елдері Ресейдегі сайлауды әділетсіз деп атады.

"Путин мырзаның саяси қарсыластарын түрмеге қамап, басқалардың сайлауға түсуіне жол бермегенін ескерсек, бұл сайлаудың еркін де, әділ де емес екені анық", - деді Ақ үйдің Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің өкілі Джон Кирби брифингте.

"Ресейдегі президенттік сайлауды заңды, еркін және әділ деп санауға болмайды [...] Дауыс беру халыққа қатаң репрессия жағдайында өтті, бұл еркін демократиялық таңдау мүмкін болмады", - делінген Польша СІМ мәлімдемесінде.

Германия бұл сайлауды "цензураға, репрессияға және зорлық-зомбылыққа негізделген авторитарлық билеушінің жалған сайлауы" деп атады.

Ұлыбританияның сыртқы істер министрі Дэвид Кэмерон Украинаның басып алынған жерлерінде заңсыз сайлау өткенін айыптады.

"Бұл еркін және әділ сайлау сияқты емес", - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2070108-putin-rekordtyq-87-paiyz-zinap-prezidenttik-sailauda-zeniske-zetti/