Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қазақстан терактіні қатаң айыптайды": Тоқаев Путинге көңіл айтты

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеу түбіндегі атыстан қаза тапқандарға байланысты Ресей басшысы Владимир Путинге көңіл айтты. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

"️Мемлекет басшысы терроризмді мүлде ақтауға болмайды деп санайды. Ол БҰҰ-ға мүше мемлекеттерді жазықсыз азаматтарға қарсы зорлық-зомбылықтың бұл түріне бірауыздан қарсылық танытуға шақырады", – делінген Ақорда хабарында.

️Президенттің тапсырмасы бойынша, қажет болған жағдайда, Қазақстанның құқық қорғау органдары ресейлік әріптестеріне көмек көрсетеді.

Сонымен қатар Қазақстан Президенті лаңкестік әрекет кезінде азаматтардың қаза табуына байланысты Ресей Президенті Владимир Путинге көңіл айтты.

Еске салайық, 22 наурызда кешкі уақытта Мәскеу түбіндегі Красногорск қаласында орналасқан "Крокус Сити Холл" концерт залына белгісіз біреулер кіріп келіп, атыс шығарған.

Ресейдің Федералдық қауіпсіздік қызметі ресми ақпарат таратты: "Крокус Сити Холл" кешеніндегі шабуыл салдарынан 40 адам қаза тауып, 100-ден астам адам зардап шекті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2072382-qazaqstan-teraktini-qatan-aiyptaidy-toqaev-putinge-konil-aitty/

pixel