Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қырғызстан өз азаматтарын әзірге Ресейге бармауға шақырды

Опубликовано:

Мәскеу
Мәскеу. Көрнекі фото: pixabay.com

Қырғызстан Сыртқы істер министрлігі өз азаматтарына аса қажеттілік болмаса әзірге Ресейге бармауға шақырды. Бұл туралы Sputnik Қырғызстан басылымы Telegram-дағы арнасында хабарлады.

Басылым мәліметінше, бұл "Крокус Сити Холл" ғимаратындағы лаңкестіктен кейін Ресей аумағында қауіпсіздік шараларының күшеюіне байланысты болып отыр. Министрлік Ресейде қосымша қауіпсіздік шаралары мен күшейтілген шекаралық бақылау жойылмайынша сапардан бас тартуды ұсынады.

Билет сатып алғандар Ресей Федерациясына кіруге шектеу бар-жоғын Ресей Ішкі істер министрлігінің сайтында тексеруі керек.

Ресейдегі қырғызстандықтарға адам көп жиналатын орындарға бармауға және олардың жеке басын және Ресей Федерациясы аумағында болу заңдылығын растайтын құжаттарын әрқашан қолында ұстауға кеңес беріледі.

Естеріңізге сала кетейік, 22 наурыз күні кешке Мәскеу түбіндегі Красногорск қаласында "Крокус Сити Холл" ғимаратында атыс болып, өрт шыққан болатын. Осы уақытта "Пикник" тобының концерті өтуі керек еді. Тергеу комитеті терактіге қатысты қылмыстық іс қозғады.

Бұған дейін 133 адамның қаза тапқаны, кейін теракт құрбандарының саны 137 адамға жеткені, жүзден астам адамның жараланғаны хабарланған.

Кейінірек РФ ФҚҚ лаңкестік әрекетті ұйымдастырды деген 11 күдіктінің ұсталғанын хабарлады.

24 наурыз Ресейде ұлттық аза тұту күні болып жарияланды.

Сондай-ақ "Тверь аруы-2001" сұлулық байқауының жеңімпазы Екатерина Новоселова мен "Пикник" тобы директорының көмекшісі Екатерина Кушнер шабуыл салдарынан қаза тапқаны хабарланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2073048-qyrgyzstan-oz-azamattaryn-azirge-reseige-barmauga-saqyrdy/

pixel