Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Крокус сити холлдағы" лаңкестіктен зардап шеккендер саны 360-қа жетті

Жарияланған күні:

ауруханада жатқан әйел
Науқас пен дәрігер. Көрнекі фото: pexels.com

Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері жақында "Крокус Сити Холлда" болған лаңкестік әрекет салдарынан 360 адам зардап шеккенін хабарлады. Олардың арасында балалар да бар.

27 наурыздағы жағдай бойынша теракт салдарынан 360 адам зардап шекті, оның ішінде 11 бала, деп хабарлайды ТАСС Апаттар медицинасы орталығындағы дереккөздерге сілтеме жасап.

Барлығы зардап шеккен 92 адам ауруханаға жатқызылды, қазір 63 адам шығарылды, 205 зардап шегушіге амбулаторлық көмек көрсетілген.

"Крокус Сити Холл" ғимаратындағы теракт

22 наурызда кешке Ресейдің Федералды қауіпсіздік қызметі Мәскеу түбіндегі Красногорск қаласындағы "Крокус Сити Холл" ғимаратында атыс пен өрт болғанын хабарлады. Бұл жерде "Пикник" тобының концерті өтуі керек еді.

Бұл оқиғадан кейін Ресей Тергеу комитеті терактіге қатысты қылмыстық іс қозғады. Ресей Федеральды қауіпсіздік қызметінің басшысы Александр Бортников терактіге байланысты 11 адамның, оның ішінде "Крокус-Сити Холлдағы" терактіге тікелей қатысы бар төрт лаңкестің ұсталғанын хабарлады. Кейін оларға бұлтартпау шарасы таңдалды.

24 наурыз Ресейде ұлттық аза тұту күні деп жарияланды.

Соңғы мәлімет бойынша "Крокус-Сити Холлдағы" лаңкестік әрекеттің салдарынан қаза тапқандар саны 139 адамға жеткен, тағы ондаған адам ауруханада жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2074101-krokus-siti-xolldagy-lankestikten-zardap-sekkender-sany-360-qa-zetti/