Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Путинге "Крокус Сити Холл" ғимаратына шабуыл жасаған күдіктілердің ұсталғаны туралы хабарланды

Опубликовано:

"Крокус Сити Холл" концерт залындағы өрт
"Крокус Сити Холл" концерт залындағы өрт. Фото: Stringer/AFP/Getty Images

Ресей Федеральды қауіпсіздік қызметі басшысы Александр Бортников Владимир Путинге ғимаратына шабуыл жасаған күдіктілердің ұсталғаны туралы есеп берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Кремльдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

"Ресей Федеральды қауіпсіздік қызметі басшысы Александр Бортников Владимир Путинге 11 адамның, оның ішінде Крокус-Сити Холлдағы терактіге тікелей қатысы бар төрт террористің де ұсталғаны туралы хабарлады", - делінген хабарламада.

Бортниковтың сөзінше, террорлық шабуыл жасағандарды анықтау бойынша қосымша жұмыс жүргізіліп жатыр.

Мәскеу маңындағы "Крокус Сити Холлда" болған теракт

22 наурызда Мәскеу маңындағы "Крокус Сити Холл" концерт залында белгісіз біреулер атыс шығарғаны туралы ақпарат тарады. Концерт залының ғимаратында "Пикник" тобының концерті өтуі керек болған. Алайда ғимаратқа белгісіз біреулер кіріп келіп, атыс шығарған. Артынша ғимаратта өрт шығып, куәгерлер оқиғаның видеосын жариялай бастады. Оқиға орнында жарылыс болғаны да хабарланды.

Ресейдің Тергеу комитеті атыстан 60-тан астам адам қаза тапқанын, құрбандар саны артуы мүмкін екенін мәлім етті.

Қайғылы оқиғаға байланысты мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинге көңіл айтып, терактіні мүлдем ақтауға болмайтынын мәлімдеді.

РИА Новости агенттігінің мәліметінше, 115 адам ауруханаға жеткізілді, оның бесеуі балалар: 60 ересек адамның және бір баланың жағдайы ауыр.

Мәскеудегі "Крокус Сити Холл" концерт залында болған қайғылы оқиғаларға байланысты Қазақстан азаматтары үшін 8 (925) 897-71-14 нөмірі бойынша жедел желі ашылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2072511-putinge-krokus-siti-xoll-gimaratyna-sabuyl-zasagan-kudiktilerdin-ustalgany-turaly-xabarlandy/

pixel