Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Израиль премьер-министрі ауруханаға түсіп қалды: оның қызметін уақытша әділет министрі атқарады

Опубликовано:

Биньямин Нетаньяху
Биньямин Нетаньяху. Фото: Sean Gallup/Getty Images

Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху ауруханаға жатқызылып, жарық ауруын (грыжаны) алып тастау үшін ота жасалды. Министрлер кабинетінің басшысы міндетін сол елдегі әділет министрі атқарады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РБК сайтына сілтеме жасап.

Басылым өкілдерінің израильдік БАҚ-қа сілтеме жасап хабаарлауынша, үкімет кеңсесі Нетаньяхудың отасы Иерусалимдегі Хадасса ауруханасында наркозбен жасалғанын хабарлады.

Ведомство мәліметінше, премьер-министр наркоздан кейін есін жиған, оның жағдайы жақсарып, қалпына келе бастаған.

Айта кетейік, саясаткерден жарық ауруы (грыжа) 30 наурызда жоспарлы тексеру кезінде анықталған.

Операция барысында елді премьер-министрдің орнына әділет министрі Ярив Левин басқарды.

Басылымның ақпараты бойынша, бұл Левин Нетаньяхуды бірінші рет алмастырып отырған жоқ. Былтыр жазда премьер-министр ауруханаға түсіп, кардиостимулятор орнату үшін ота жасалған еді. Сол кезде де үкімет басшысы міндетін әділет министрі уақытша атқарды.

Биньямин Нетаньяху өз елінің үш рет премьер-министрі болған израильдік саясаткер және дипломат: 1996 жылдан 1999 жылға дейін, 2009 жылдан 2021 жылға дейін, 2022 жылы бұл қызметке қайта кіріскен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2076402-izrail-premer-ministri-auruxanaga-tusti-onyn-ornyna-adilet-ministri-uaqytsa-tagaiyndaldy/

pixel