Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қырғызстанда көріпкелдер мен экстрасенстердің жарнамасына тыйым салынады

Опубликовано:

Көріпкел
Көріпкел. Көрнекі фото: Almaty.tv

1 сәуірде Жоғарғы Кеңестің әлеуметтік саясат комитеті "Жарнама туралы" заңға өзгерістер енгізу туралы" заң жобасын бірінші оқылымда қарап, мақұлдады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ 24.kg-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Құжатқа 25 парламент депутаты бастамашы болды.

Бастамашылардың бірі, депутат Марлен Маматалиевтың айтуынша, заң жобасы "оккультті магия саласында қызмет көрсететін және пайда табу мақсатында халықтың проблемаларын шешуді ұсынатын тұлғалардың азаматтардың санасын басқаруды тоқтату" үшін әзірленген.

"Өмірде қиын жағдайға тап болған азаматтар өздерінің табиғаттан тыс қабілеттерін пайдалана отырып, қиындықтардан толық құтылуға кепілдік беретін экстрасенстер мен сиқыршысымақтардың көмегіне жиі жүгінеді. Мұндай алаяқтарға жүгінген азаматтар зардап шегеді", – дейді депутат.

"Үміті үзілген адам барлық проблемасын шешуге уәде берген кез келген адамға сенуге дайын. Осындай сиқыршылар мен экстрасенстер дейтіндер олардың сезімдерін ойыншық қылады. Олардың адамдардың санасына манипуляция жасауда үлкен тәжірибесі бар. Біздің жоғары технологиялар мен ғылыми прогрестің ғасырында көптеген азаматтардың экстрасенстер мен көріпкелдердің айла-амалдарына түсіп жатқанын көру өте өкінішті", – делінген заң жобасының негізгі құжатында.

"Жарнама туралы" Заңның 16-бабына сәйкес, жарнамасы Құқық бұзушылық туралы кодексте көзделген жауапкершілікке әкеп соғатын тауарлардың жекелеген түрлері бар. Дегенмен бұл заңдарда оккульттік және сиқырлы қызметтер туралы бөлік жоқ.

"Енгізілген толықтырулар ақпараттық кеңістікте жалған қызметтерді жарнамалауға тыйым салуға мүмкіндік береді", - деп қосты Марлен Маматалиев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2076977-qyrgyzstanda-koripkelder-men-ekstrasensterdin-zarnamasyna-tyiym-salynady/

pixel