Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ресейде "Крокуста" болған терактіге қатысты тағы үш адам ұсталды

Жарияланған күні:

"Крокус Сити Холл" ғимараты
"Крокус Сити Холл" ғимараты. Фото: Sefa Karacan/Anadolu/Getty Images

Ресейдің Федералдық қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері "Крокус сити холлдағы" терактіге қатысы бар деген күдікпен Мәскеу, Екатеринбург және Омбы қалаларынан үш адамды ұстады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ РБК-ға сілтеме жасап хабарлайды.

"Мәскеу, Екатеринбург және Омбы қалаларында Ресей азаматы мен екі шетелдік азамат ұсталды, олардың барлығы – 2024 жылы 22 наурызда "Крокус сити холл" кешенінде жасалған лаңкестік әрекетке қатысы бар Орталық Азия өңірінен келген иммигранттар", - делінген ведомство хабарламасында.

Басылымның хабарлауынша, күдіктілер Мәскеуде, Екатеринбургте және Омбыда ұсталған.

"Крокус Сити Холл" ғимаратындағы теракт

22 наурызда кешке Ресейдің Федералды қауіпсіздік қызметі Мәскеу түбіндегі Красногорск қаласындағы "Крокус Сити Холл" ғимаратында атыс пен өрт болғанын хабарлады. Бұл жерде "Пикник" тобының концерті өтуі керек еді.

Бұл оқиғадан кейін Ресей Тергеу комитеті терактіге қатысты қылмыстық іс қозғады. Ресей Федеральды қауіпсіздік қызметі "Крокус-Сити Холлдағы" терактіге тікелей қатысы бар деген күдікпен 10 адамды ұстаған болатын.

24 наурыз Ресейде ұлттық аза тұту күні деп жарияланды.

Соңғы мәлімет бойынша "Крокус-Сити Холлдағы" лаңкестік әрекеттің салдарынан қаза тапқандар саны 144 адам көз жұмып, тағы 551 адам зардап шеккен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2079107-reseide-krokusta-bolgan-teraktige-qatysty-tagy-us-adam-ustaldy/