jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Рамазан Есмағамбетов
Рамазан Есмағамбетов
Бұрынғы қызметкер

Қырғызстанда TikTok-қа тыйым салынатын болды

Tiktok
Tiktok. Көрнекі фото: pixabay.com

Қырғызстанның Цифрлық даму министрлігінің өкілдері интернет-провайдерлерге ел аумағындағы TikTok әлеуметтік желісіне кіруді шектеуді сұрап, сауал жолдады. Бұл туралы 24.kg сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Дереккөз ақпараты бойынша, Қырғызстанның Цифрлық даму министрлігіне қарасты Байланыс саласын реттеу және қадағалау қызметіне Қырғызстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитеттен хат келіп түскен. Хатта TikTok-тың қырғызстандық сегментінде, дәлірек айтсақ, балалардың ақпараттық кеңістігінде "контентті цензуралау бойынша жүйелі әрі принципті шаралар қарастырылмағаны" жазылған.

Ел шенеуніктері бұл шешімді қабылдау кезінде "Балалардың денсаулығына, олардың физикалық, рухани және адамгершілік дамуына зиян келтірудің алдын алу шаралары туралы" заңын негізге алған.

"Балалардың денсаулығына, олардың интеллектуалдық, психикалық, рухани-адамгершілік дамуына зиян келтірудің алдын алу мақсатында Қырғызстан Республикасы үкіметінің 2023 жылғы 22 қыркүйектегі №501 қаулысымен бекітілген радиожиіліктерді тағайындау қағидаларының 8-тармағына сәйкес, әрі "Байланыс туралы" заңының 21-1 бабының негізінде Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитет Қырғызстан Республикасының аумағында TikTok ақпараттық қызметіне қолжетімділікті шектеуді және 2024 жылғы 18 сәуірге дейін (сауалға - ред.) жазбаша жауап беруді сұрайды", - делінген жіберілген сауал мәтінінде.

Дереккөз ақпаратына сүйенсек, Цифрлық даму министрлігі Қырғызстанның интернет-провайдерлеріне тиісті хабарлама жіберген.

Осы орайда Қырғызстанның Мәдениет министрлігі былтыр тамыздың соңында TikTok-ты бұғаттауды сұраған болатын.

Оған қоса кеше Роскомнадзорға Ресей Федерациясының әлеуметтік желілер мен мессенджерлердің кәсіби пайдаланушылары қауымдастығынан Ресейде TikTok-ты бұғаттауды ұсынатын үндеу келіп түскені хабарланды.

Ал биыл наурызда АҚШ президенті Джо Байден елде TikTok-қа тыйым салатын заңға қол қоюға уәде берді.

Қырғызстанда TikTok-қа тыйым салынатын болды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.