Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қытайдың халық ең көп шоғырланған провинциясында су тасқыны болды: 60 мыңға жуық адам эвакуацияланды (видео)

Опубликовано:

Гуандун провинциясы, Цинъюань қаласы
Гуандун провинциясы, Цинъюань қаласы. Фото: STRSTR / CNS / AFP via Getty Images

Қытайдың халық ең көп шоғырланған провинциясында толассыз жауған жаңбыр салдарынан су тасқыны болды. 60 мыңға жуық адам үйінен көшірілді, деп хабарлайды BBC-ге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Қытайдың оңтүстігіндегі Гуандун провинциясында бірнеше күннен бері жаңбыр толассыз жауып, су тасқыны болды. Соңғы мәліметтер бойынша 60 мыңға жуық адам қауіпсіз жерге көшірілді. 11 адам із-түссіз жоғалып кеткен, қаза тапқандар туралы ақпарат әзірге белгісіз.

Куәгерлер желіде қатты дауыл болған кезде түсірілген видеоларды жариялады.

Гуандун қаласында бірнеше ірі өзен арнасынан асты. Жергілікті билік өкілдерінің айтуынша, қаланың солтүстігінде орналасқан өзендердің бірінде су 100 жылда бір рет болатын шарықтау шегіне жетуі мүмкін.

Су басқан үйлерден адамдарды қайықтармен құтқаруда. Гуандун провинциясы – Қытайдағы халық ең көп қоныстанған провинция, онда 127 млн адам тұрады.

Су тасқыны салдарынан демалыс күндері миллионнан астам үй жарықсыз қалды. Бірақ жексенбіде кешке олардың 80 пайызы қалпына келтірілді.

Гуанчжоу провинциясының астанасындағы Байюнь халықаралық әуежайында рейстер тоқтатылып, кешіктіріліп жатыр, үш қалада мектептер жабылды. Жергілікті билік экономикалық шығынды шамамен 140,6 миллион юань (19,8 миллион доллар) деп бағалады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2088959-qytaidyn-xalyq-en-kop-sogyrlangan-provinciyasynda-su-tasqyny-boldy-60-mynga-zuyq-adam-evakuaciyalandy-video/

pixel