Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жағдай басқаша болады": Иран президенті Израильді "жойып жіберетінін" айтты

Опубликовано:

Ибрахим Раиси
Ибрахим Раиси. Фото: president.ir

Иран президенті Ибрахим Раиси Иран өз аумағына шабуыл жасалған жағдайда Израильді жоятынын айтты. Бұл туралы IRNA агенттігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Раиси Пәкістандағы ЖОО бірінде студенттер алдында сөйлеген сөзінде тиісті мәлімдеме жасады.

"Егер сионистік режим тағы да қателесіп, қасиетті Иран жеріне шабуыл жасаса, жағдай басқаша болады және бұл режимнен бірнәрсе қала ма, жоқ па белгісіз",- деді Раиси.

Иранның Израильге жасаған бұрынғы шабуылына түсініктеме берген Раиси Иран осы айдың басында Сириядағы Иран консулдығы ғимаратына жасаған "арсыз" шабуылы үшін Израильді "жазалағанын" айтты.

Раиси сонымен қатар Батысты Израильді "Газа секторында геноцид жасағанына" қолдау көрсеткені үшін сынады.

"Бүгінгі таңда адам құқықтарын ең үлкен бұзушылар америкалықтар мен батыстықтар және олардың адам құқығын қорғау туралы талаптары мүлдем бос", - деп санайтынын айтты Иран басшысы.

Израиль оның сөздеріне әлі жауап берген жоқ.

Еске салайық, 13 сәуірге қараған түні Иран Израильге бірнеше жүздеген зымырандар мен ұшқышсыз ұшақтар ұшырылған болатын. Кейін шабуылдарға Ливандағы Хезболла тобы мен хуситтер қосылды. Израильдің бірнеше қаласында жарылыс болды, бірақ қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

БАҚ Израильге зымырандар Йемен, Ливан, Ирак және Сирия сияқты бірнеше елдің аумағынан ұшырылғанын жазады. Ал АҚШ пен Ұлыбритания Израильге әскери көмек көрсетіп, бірнеше зымырандарды ұстады.

Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху халыққа үндеуінде елдің Иранның шабуылына дайын екенін айтып, шабуылға жауап беруге уәде берді.

Кейін Вашингтон Израильдің жауап ретінде Ирандағы нысандарға шабуыл жасағанын, бірақ Иран да, Израиль де бұл ақпаратты не растап, не жоққа шығарған жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2090000-zagdai-basqasa-bolady-iran-prezidenti-izraildi-zoiyp-ziberetinin-aitty/

pixel