jitsu gif branding logo appbranding logo app

Қырғызстанда үкімет мүшелеріне тойға баруға тыйым салынды

Тойға жайылған дастархан. Көрнекі сурет
Тойға жайылған дастархан. Көрнекі сурет: pixabay.com

Президент Әкімшілігінің алқа отырысында Қырғызстан премьер-министрі Ақылбек Жапаров үкімет мүшелеріне тойға қатысуға тыйым салды. Бұл туралы 24.kg басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Қырғызстан премьер-министрінің айтуынша, ел президентінің барлық жарлығы мен тапсырмасы сапалы әрі уақытылы орындалуға тиіс.

Сондай-ақ ол Садыр Жапаровтың бұған дейін мал союға және тойлардағы ысырапшылдыққа тыйым салу туралы қаулысына жеке тоқталды.

"Егер бір жерде ысырапшылдыққа жол беріліп жатқанын көрсеңіздер, ол жерге бармаңыздар. Тойда жүрмеңіздер", - деді Ақылбек Жапаров.

Басылым жазуынша, 2022 жылдың ақпанында Қырғызстан президенті іс-шаралар өткізу бойынша шектеулер енгізу туралы жарлыққа қол қойып, заң күшіне енген болатын.

Бұл заңның мақсаты – азаматтардың әлеуметтік-экономикалық өмір сүру деңгейін көтеру, сонымен қатар қоғамның рухани атмосферасына теріс әсер ететін діни рәсімдерді және өзге де іс-шараларды өткізу кезінде ысырапшылдыққа жол бермеу.

Қырғызстанда үкімет мүшелеріне тойға баруға тыйым салынды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.