jitsu gif branding logo appbranding logo app

Рамзан Қадыровтың 16 жастағы ұлы университет кураторы атанды

Рамзан Қадыров пен Адам Қадыров
Рамзан Қадыров пен Адам Қадыров. Фото: t.me/rashid_temrezov

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровтың 16 жастағы ұлы Адам Қадыров Путин атындағы Ресей арнайы жасақ университетінің кураторы болып тағайындалды, деп жазады "Риа новости" басылымы.

Бұл шешімін Рамзан Қадыров Гудерместегі университет базасында өткен тактикалық атыс жарысының ашылуында мәлімдеді.

"...Қымбатты бауырым, университет басшысы Байбетар Вайхановтың өтініші бойынша Адам Қадыровты Арнайы жасақ университеті кураторы етіп тағайындауды жөн көрдім, ол атақты университеттің қызметімен жақсы таныс, сондықтан жүктелген міндеттерді мінсіз атқарады деп сенемін", - деп жазды Қадыров Telegram-дағы арнасында.

Өткен жылғы қазанда Адам Қадыровқа Шешенстан Республикасының батыры атағы берілді.

Айта кетейік, бұған дейін Шешенстан басшысының 18 жастағы ұлы Ахмат Қадыров республиканың жастар ісі жөніндегі министрі болғанын жазған едік.

Рамзан Қадыровтың 16 жастағы ұлы университет кураторы атанды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.