jitsu gif
Оқыс оқиға

    Қырғызстанда жүк көлігі бірнеше баланы қағып кетті: зардап шеккендер саны артты

    аурухана
    Аурухана. Көрнекі фото: pixabay.com

    Қырғызстанның Жалал-Абад облысы Созақ ауданында балмұздақ таситын жүк көлігі ондаған баланы қағып кеткен. Созақта болған жантүршігерлік жол апаты салдарынан зардап шеккендердің саны 35 адамға жетті, екі оқушыға ота жасалды, деп хабарлады Sputnik Қырғызстан агенттігі денсаулық сақтау министрі Алымқадыр Бейшеналиевтің берген мәліметіне сілтеме жасап.

    Басылым мәліметінше, Қызғызстан денсаулық сақтау министрі Алымқадыр Бейшеналиев бүгін тағы бір қызға ота жасалатынын мәлім еткен.

    "Зардап шеккендердің арасында 1988 жылы туған мұғалім бар. Екі ер балаға операция жасалды: бірінің бауыры жарылған, екіншісіне Оштан нейрохирургтер шақырылды. 10 жасар қызға ота жасалды. Жағдайлары – орташа ауыр", - деді Бейшеналиев.

    Министр дәрі-дәрмектің жеткілікті екенін атап өтті.

    "Зардап шеккендер Созақ аудандық және Жалал-Абад облыстық ауруханаларына, Октябрь жарпы медициналық орталықта жатыр. Сондай-ақ бөлімшеде жатқандарға тізе, жіліншік сүйектерінің сынуы диагнозы қойылды. Балалардың туыстарына хабарласып, олардың жағдайын айттым", - деді министр.

    Айта кетейік, 2 мамырда Қырғызстанның Жалал-Абад облысы Созақ ауданында балмұздақ таситын жүк көлігі 29 баланы қағып кеткені туралы жазған едік.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.