jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Аида Тақабаева
Аида Тақабаева
Бұрынғы қызметкер

Бразилияда су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті

Бразилиядағы су тасқыны
Бразилиядағы су тасқыны. Фото: Carlos Macedo/Bloomberg via Getty Images

Бразилияда кейінгі 80 жылдағы ең алапат су тасқыны болды – елде апаттан зардап шеккендер мен қаза тапқандар саны артқан. Тағы 100-ден астам адам із-түзсіз жоғалып кетті. Бұл туралы "РИА новости" желілік басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Басылымның Ұлттық азаматтық қорғаныс қызметіне сілтеме жасап жазуынша, Бразилияның оңтүстігіндегі Риу-Гранди-ду-Сул штатында болған су тасқыны салдарынан қаза тапқандар саны 78-ге жетіп, 175 адам зардап шекті, тағы 111 адам із-түзсіз жоғалған.

Ведомство штаттағы су тасқынынан 850 мыңнан астам адам зардап шеккенін хабарлаған. Елдің оңтүстігінде толассыз жауын бір аптаға жуық бұрын басталғаны мәлім болды.

Бразилия геологиялық қызметінің мәліметінше, Бразилияда болған бұл су тасқыны 1941 жылғы алапат су тасқынынан асып түскен. Кейбір қалаларда су деңгейі шамамен 150 жыл бұрын басталған бақылаудан бері ең жоғары деңгейге жетті, дейді қызмет өкілдері.

Бұл соңғы жылда Бразилияда болған осындай төртінші экологиялық апат екені хабарланды. Алдыңғылары 2023 жылдың шілде, қыркүйек және қараша айларында болған. Сол кезде жалпы алғанда 75 адам қаза болған.

Бразилияда су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.