Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ағасы елден алтын шығарып жатыр": Қырғызстан президенті даулы видеоға қатысты пікір білдірді

Опубликовано:

Садыр Жапаров
Садыр Жапаров. Фото: president.kg

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров елден жасырын түрде алтын шығарылып жатқаны айтылған видеоға қатысты пікір білдірді. Бұл туралы "Кабар" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Қырғызстанда әлеуметтік желіде белгісіз адам қырғызстандық алтын шетелге жасырын түрде шығарылып жатқанын айтқан видео тарады. Қырғызстан президенті Садыр Жапаров ақпараттық агенттіктің тілшісімен сұхбатында бұл видеоға қатысты пікір білдірді. Сондай-ақ аталған адам бұл жайтқа президенттің ағасының да қатысы бар деген.

"Мен бұл видеоны көріп, мырс еттім. Алтын ұрлап, шетелге шығаратын адамдар мұндай видео түсіре ме екен? Қазіргі таңда мемлекеттік алтын кеніштерінен бір тонна түгілі, бір грамм алтын да ұрлау мүмкін емес.

Біз барлық мемлекеттік алтын кеніші мен Қара-Балта мұнай өңдеу зауытында бейнекамералар орнаттық, барлық хабар тарату онлайн (цифрланған) түрде. Видео тәулік бойы түсіріліп, компьютерге жазылады. Мыңдаған сарапшы дәлме-дәл уақыт режимінде бейнебақылау камераларын мониторингілеп отыр. Тіпті бір грамм алтынды ұрлау ешкімнің ойына келмейді. Бәрі де мұны жақсы біледі.

Егер біреу абайсызда мемлекеттік мекемелерден бір келі алтын ұрлаудың амалын тауып, ұсталып қалса, кім болса да, оны мемлекетке жүз есе қайтаруға міндетті түрде мәжбүрлейміз", - деді Садыр Жапаров.

Қырғызстан президенті ел азаматтарын жалған видеоға сенбеуге шақырды.

Ол ағасының алтын құйма ұстап тұрған фотосына да қатысты пікір білдірді.

"2021 жылы Құмтөр мемлекет меншігіне өткеннен кейін шетелдік, дәлірек айтсақ халықаралық алтын сататын LBMA ұйымы бірден біздің алтынымызды экспорттауға тыйым салған еді.

Ол кезде бізге әлемнің түкпір-түкпірінен адамдар келіп, алтынды арзан бағамен сатуымызды өтініп, бізден сатып алуды ұсынды. Маған да, үкіметке де көптеген адам жүгінген болатын. Қысқасы, (алтын – ред. ескертпесі) сатып алғысы келетіндер көп болды. Сол уақытта түрік алтынымен жұмыс істейтін кәсіпкерлер ағам Сабыр Жапаровқа қоңырау шалып, зауыттарын көрсеткен еді. Олар да (алтынды – ред. ескертпесі) арзан бағаға сатуды ұсынды. Бұл фото сол кезде жасалған. Егер онда арам ойы болса, ол алтынды қолға алып, суретке түспеуші еді", - деп түсіндірді Қырғызстан президенті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2098400-agasy-elden-altyn-shygaryp-zhatyr-qyrgyzstan-prezidenti-dauly-videoga-qatysty-pikir-bildirdi/