Ресейде автобус өзенге құлап кетті: қаза тапқандар саны хабарланды (видео)
Жарияланған күні:
Бүгін, 10 мамырда Санкт-Петербургте жолаушылар мінген автобус көпірден Мойка өзеніне құлады, ішінде 15 адам болған. Оқиға салдарынан 4 адам қаза тапқаны белгілі болды, деп хабарлайды Риа Новости агенттігі.
"Санкт-Петербургте автобус өзенге құлап, салдарынан төрт адам қаза тапты, екі қылмыстық іс қозғалды: жол қозғалысы ережелерін бұзғаны және қауіпті қызмет көрсеткені үшін", - деп жазды агенттік тілшілері.
ТАСС агенттігі Санкт-Петербургте автобус өзенге құлап, үш жолаушы қаза тауып, алты адам ауруханаға жеткізілгенін хабарлаған болатын.
Mash Telegram-дағы арнасында апаттан кемінде төрт адамның қаза тапқанын хабарлады. Тағы төртеуі клиникалық өлім жағдайында екенін жазған.
Айта кетейік, 10 мамырда түскі бір шамассында Санкт-Петербургте автобус көпірден Мойка өзеніне құлады, ішінде 20-ға жуық адам болғаны хабарланды. Ресей ІІМ Бас басқармасы адамдар құтқарылып жатыр деп мәлімдеген еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2098478-reseide-avtobus-ozenge-qulap-ketti-qaza-tapqandar-sany-habarlandy/