jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Ресейде автобус көпірден өзенге құлап кетті (видео)

Оқиға орны
Оқиға орны. Видеодан кадр: t.me/rt_russian

Бүгін, 10 мамырда Санкт-Петербургте автобус көпірден Мойка өзеніне құлады, ішінде 20-ға жуық адам болған. Бұл туралы Риа Новости агенттігі елдің ІІМ Бас басқармасына сілтеме жасап хабарлайды.

Агенттік мәліметінше, Ресей ІІМ Бас басқармасы бүгін Санкт-Петербургте автобус көпірден Мойка өзеніне құлаған, ішінде 20-ға жуық адам болған, олар судан шығарылып жатыр, деп хабарлады

"Бүгін күндізгі сағат бір шамасында полицияға Большая Морская көшесіндегі 69-үйдің маңында жолаушылар автобусы көпірден Мойка өзеніне құлап кеткені туралы хабарлама түсті. Төтенше жағдай кезінде көліктің ішінде шамамен 20 адам болған", - делінген хабарламада.

ТАСС мәліметінше, автобус салонында болған бір адам қаза тапқан.

Ресейде автобус көпірден өзенге құлап кетті (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.