jitsu gif

Грузия парламенті ауқымды наразылықтарға қарамастан, шетел агенттері туралы заңды мақұлдады

Грузиядағы наразылықтар
Грузиядағы наразылықтар. Фото: Mirian Meladze/Anadolu via Getty Images

Грузия парламенті қоғамда наразылық туғызған шетел агенттері туралы заңды қабылдады. Ел президенті бұған дейін заңға вето жариялаған болатын, деп хабарлайды РБК сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Бүгін, 14 мамырда Грузия парламенті шетел агенттері туралы заңды үшінші және соңғы оқылымда қабылдады. Заңды 84 депутат жақтап, 30-ы қарсы дауыс берді.

Еске сала кетейік, елде дәл осы заңның қабылдануына қарсылық білдіргендердің наразылығы басылмай отыр.

Құжатқа президент Саломе Зурабишвили қол қоюы керек, бірақ ол бұған дейін вето қойылатынын мәлімдеген.

РБК мәліметінше, биліктегі "Грузин арманы" партиясы өкілдері парламентте көп болғандықтан, заңның қабылдану ықтималдығы жоғары болған.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.