Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Блинкен Киевтегі бар сахнасында ән салды (видео)

Опубликовано:

Энтони Блинкен
Энтони Блинкен. Видеодан кадр: twitter.com/cspan

АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Киевтегі барлардың бірінің сахнасында гитарамен ән салды. Дипломат Украинаға сейсенбіде, ресми сапармен келді деп хабарлайды The Washington Post басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Киевтегі "Бармен Диктат" барында жергілікті 19.99 панк тобымен бірге сахнада канада-америкалық музыкант Нил Янгтың әнін шырқады. Дипломат 1989 жылы шыққан Rockin' in Free World әнін айтты.

"Америка Құрама Штаттары сіздермен бірге. Әлем сіздермен бірге. Олар тек еркін Украина үшін ғана емес, азат әлем үшін де күресуде. Ал еркін әлем де сіздермен бірге", - деді ол әнін бастамас бұрын.

Бұл кезде барда жергілікті тұрғындар мен кейбір америкалық дипломаттар болған.

Айта кетейік, Блинкен өзін әуесқой гитариспін деп жиі айтады.

Еске сала кетейік, АҚШ мемлекеттік хатшысы 14 мамырда Киевке алдын ала хабарламай келген. Бұл — оның Украинадағы соғыс басталғалы бері елге келген төртінші сапары, деп хабарлайды DW агенттігі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2100674-aqsh-tyng-memlekettik-hatshysy-blinken-kievtegi-bar-sahnasynda-an-saldy-video/