Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Словакия премьер-министріне қастандық жасалды

Опубликовано:

Роберт Фицо
Роберт Фицо. Фото: Tomas Benedikovic/AFP via Getty Images

Словакияда үкімет отырысы өткен жерде елдің премьер-министрі Фицо жараланды – саясаткерге жұртшылық алдына шыққан кезде оқ атылды. Шабуыл жасаған адамды полиция ұстады.

Жергілікті Pravda басылымының жазуынша, қастандық Хандловадағы үкімет отырысынан кейін премьер-министр адамдар арасында келе жатқан кезде жасалған.

Куәгерлердің айтуынша, Фицо жұртшылыққа жақындаған кезде бірнеше рет оқ атылған дыбыс естіліп, премьер-министр құлаған.

Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, бірнеше рет оның кеудесіне және ішіне оқ атылған.

РИА Новости сайтының жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап жазуынша, премьер-министр тікұшақпен Братиславадағы ауруханаға жеткізілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2101208-slovakiia-premer-ministrine-qastandyq-zhasaldy/