Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Байден мен Трамп екі теледебат өткізуге келісті

Опубликовано:

Дональд Трамп пен Джо Байден 2020 жылы өткен дебатта
Дональд Трамп пен Джо Байден 2020 жылы өткен дебатта. Фото: Chip Somodevilla/Getty Images

АҚШ президенті Джо Байден мен кандидат Дональд Трамп арасындағы теледебаттың уақыты белгілі болды. Теледебаттар 27 маусым мен 10 қыркүйекте өтеді, деп хабарлайды CNN арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

АҚШ президенті Джо Байден мен бұрынғы президент Дональд Трамп 27 маусымда CNN арнасының теледебатқа қатысуға шақыруын қабылдады. Сәрсенбіде екеуі де ABC-дің 10 қыркүйекте өтетін екінші теледебатқа шақыруын қабылдағаны белгілі болды.

Бұған дейін Байден штабы Трампты жаңалықтар тарату ұйымдары өткізетін теледебаттарға қатысуға шақырған. Байден сәрсенбіде таңертең X-ке Трампқа видеохабарлама жариялады.

"Дональд Трамп 2020 жылы дебатта екі рет жеңіліп қалды. Содан бері ол пікірсайысқа қатысқан жоқ. Енді ол менімен тағы пікір таластырғысы келетінін жеткізді. "Жарайды, досым, мен мұны екі рет өткізуге шақырамын. Сондықтан күндерін таңдап алайық, Дональд", - деді Байден.

Трамп ұсынылған күндермен келісті, бірақ ол тіпті екі пікірсайыс аздық ететінін жеткізді. Трамптың командасы сонымен қатар үміткерлерді төрт пікірсайысқа қатысуға шақырды. Байденнің сайлауалды штабы бұл ұсыныстан бас тартты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2101388-baiden-men-tramp-eki-teledebat-otkizuge-kelisti/