Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өзбекстанда мектеп аумағына аю кіріп кетті (видео)

Опубликовано:

Өзбекстанда елдімекенге кіріп алған аю
Аю: t.me/Sirdaryo

Өзбекстанның Сурхандария облысында аю мектеп аумағына кіріп кетті – жануарды өлтіруге тура келген. Бұл туралы елдің Экология министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Әлеуметтік желіде тұрғын алабына аю кіріп кеткені туралы ақпарат тарады. Бұл жайт кеше, 15 мамырда болған. Оқиға орнынан видео да жарияланды. Жыртқыш жергілікті тұрғындарды қорқытқан.

Өзбекстанның Экология министрлігінің мәліметінше, жануар тұрғын үйлердің аумағына кіріп, адамдардың өміріне қауіп төндірген. Сонымен қатар аю №74 мектептің аумағына кіріп кеткен, аю кірген кезде мектепте оқушылар болған.

Аюды залалсыздандыруға әрекеттенгенімен, жануар полицейлердің біріне шабуыл жасап, оны жарақаттаған.

"Аю агрессивті болып, мектеп оқушыларының өміріне қауіп төндірді, сондықтан жедел әрекет ету қажет болды, жыртқыш атып өлтірілді", - деп хабарлады министрлік.

Аю жараланған полиция қызметкері медициналық тексеруден өтіп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2101694-ozbekstanda-mektep-aumagyna-aiu-kirip-ketti-video/