Иран президентінің кезектен тыс сайлауы өтетін күн аталды
Жарияланған күні:
Иран президентінің кезектен тыс сайлауы 28 маусымда өтеді. Бұл туралы республикалық сайлау штабының баспасөз хатшысы хабарлады, деп хабарлайды ТАСС агенттігі.
Иранның сайлау штабының баспасөз хатшысы Мохсен Эсламидің айтуынша, ел президентінің кезектен тыс сайлауы 28 маусымда өтеді.
"28 маусымды он төртінші президент сайлауы күні деп санауға болады (Иран тарихында – ред. ескертпесі). Конституция Сақшылары кеңесіне үміткерлерді тіркеу 28 мамырда басталады деп ұсынылды", - деді Эслами.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2103977-iran-prezidentining-kezekten-tys-sailauy-otetin-kun-ataldy/