jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Аида Тақабаева
Бұрынғы қызметкер

Ресейде "жеке тұлғалардың мәлімдемелері мен қоқан-лоқысына жауап ретінде" ядролық жаттығу басталды

Зымыран кешені
Зымыран кешені. Фото: Contributor / Getty Images

Ресейде стратегиялық емес ядролық қаруды дайындау және қолдану бойынша әскери жаттығулар басталғаны жарияланды. Бұл жөнінде Ресей Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ресей Қорғаныс министрлігі сейсенбі күні Telegram-дағы арнасында Ресей Қарулы күштерінің жоғарғы бас қолбасшысының (президент Владимир Путин) тапсырмасына сәйкес "стратегиялық емес ядролық қаруды дайындау және қолдану бойынша тәжірибелік пысықтаумен" оқу-жаттығудың бірінші кезеңі басталғанын хабарлады.

Ресей Қорғаныс министрлігі өткізіліп жатқан оқу-жаттығудың мақсаты "стратегиялық емес ядролық қаруды жауынгерлік қолдану бөлімшелерінің жеке құрамы мен техникасының жауап беруге дайындығын қолдау және Батыстың жекелеген шенеуніктерінің Ресей Федерациясына қарсы арандатушылық мәлімдемелері мен қоқан-лоқысына жауап ретінде Ресей мемлекетінің аумақтық тұтастығы мен егемендігін сөзсіз қамтамасыз ету" екенін атап өтті.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram