jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Рамазан Есмағамбетов
Рамазан Есмағамбетов
Бұрынғы қызметкер

Сирия президентінің әйелінен қатерлі ісік анықталды

Асма әл-Асад
Асма әл-Асад. Фото: Miguel Medina / AFP via Getty Images

Сирия президенті Башар Асадтың әйеліне жедел миелоидты лейкоз диагнозы қойылды. Мемлекет басшысының өкілдері ол ем қабылдауды бастағанын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Бірқатар симптом мен клиникалық белгі анықталғаннан кейін, сондай-ақ кешенді медициналық тексерулерден кейін бірінші ханым Асма әл-Асадқа жедел миелоидты лейкоз (ЖМЛ) диагнозы қойылды.

Осыған байланысты ол инфекцияның алдын алудың қатаң шараларын қамтитын мамандандырылған емдеу хаттамасын және тиісті әлеуметтік қашықты сақтайды", - деді Сирия президентінің өкілдері X әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

Башар Асадтың өкілдері Асма әл-Асад емделу барысында барлық тікелей байланыстан уақытша бас тартатынын мәлімдеді.

Sky News басылымының ақпараты бойынша, 2018 жылы Сирия президентінің әйеліне сүт безінің қатерлі ісігі диагнозы қойылған, ал 2019 жылдың тамызында ол толық сауығып кеткен болатын.

Башар Асад пен Асма әл-Асад 2000 жылы үйленген.

Сирия президентінің әйелінен қатерлі ісік анықталды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.