Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ресейде Қорғаныс министрлігінің тағы бір жоғары лауазымды шенеунігі қамауға алынды

Жарияланған күні:

Читать на русском
Вадим Шамарин
Вадим Шамарин. Фото: Ресей Қорғаныс министрлігі

Ресей Қарулы күштері Бас байланыс басқармасының бастығы, Бас штаб бастығының орынбасары генерал-лейтенант Вадим Шамарин пара алу ісі бойынша қамауға алынды.

Бұл туралы ақпаратты гарнизондық сот өкілдері РИА Новости тілшілеріне растады.

"Ресей әскерлерінің бас байланысшысы" деп аталатын генерал аса ірі көлемде пара алды деген күдікке ілінді.

"Сот тергеудің Вадим Шамаринге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдау туралы өтінішін қанағаттандырды", - деп хабарлады сот органы өкілдері.

Еске салайық, Ресей қорғаныс министрінің орынбасары, "қауіпсіздік қызметіндегі ең бай шенеуніктің" бірі Тимур Иванов пара алды деген күдікпен ұсталғанын жазған едік.

Сонымен қатар бірер күн бұрын Ресей Қарулы күштерінің 58-армиясының бұрынғы қолбасшысы генерал-майор Иван Попов қамауға алынды. Ол аса ірі алаяқтық жасады деген күдікке ілінген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2105736-reseide-qorganys-ministrligining-tagy-bir-zhogary-lauazymdy-sheneunigi-qamauga-alyndy/