jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Аида Тақабаева
Аида Тақабаева
Бұрынғы қызметкер

Мексикада сайлау алдындағы митингте сахна қира: зардап шеккендер саны артты

Қатты желдің салдарынан құлап қалған плакаттар
Оқиа орны. Фото: JULIO CESAR AGUILAR/AFP via Getty Images

Мексика президенттігіне үміткер Хорхе Альварес Майнестің үгіт-насихат митингісі кезінде сахна қирап, тоғыз адам қайтыс болған, 63 адам түрлі жарақат алды. Бұған дейін 50 адам зардап шеккені хабарланған. Бұл туралы The Guardian басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Мексика президенті Андрес Мануэль Лопес Обрадор елдің солтүстігіндегі Нуэво-Леон штатындағы Сан-Педро-Гарса-Гарсия қаласындағы апатқа екпінді жел себеп болғанын айтты.

Президенттікке үміткер Майнестің өзі де ауруханаға түскен.

"Менің жағдайым жақсы. Қазір ең маңыздысы – төтенше жағдайдан зардап шеккендерге қамқорлық жасау", - деді Хорхе Альварес Майнес.

Әлеуметтік желіде тараған видеоға қарағанда, Майнес сахнада тұрған, сәлден кейін экран мен металл конструкция құлай бастаған. Майнес сахнаның бір бөлігі құлағанға дейін қашып үлгерген.

Мексикада сайлау алдындағы митингте сахна қира: зардап шеккендер саны артты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.