jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Чехия президенті Петр Павел ауруханаға түсті

Петр Павел
Петр Павел. Фото: Tomas Tkacik / SOPA Images / LightRocket / Getty Images

Чехия президенті Петр Павел мотоциклмен келе жатып жарақат алды. 62 жастағы мемлекет басшысы ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды РБК сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Чехия басшысының кеңсесі журналистерге жарақаттың ауыр емес екенін, бірақ президент біраз уақыт Орталық әскери госпитальда бақылауда болатынын айтты.

Дәрігерлер де президент алған жарақат оның өміріне қауіп төндірмейтінін растады. Ал құқық қорғау органдары жағдай жабық спорттық жолда болғанын айтты.

Басылым Павелдің мотоциклге деген құмарлығымен танымал екенін атап өтеді.

Ол 2015 жылдан 2018 жылға дейін НАТО әскери комитетінің басшысы қызметін атқарып жүргенде мотоцикл мінгенді ұнатқан және президент болған кезде де хоббиін жалғастырған.

Сәуірде чех басшысы мылтықпен оқ атқан кезде жараланған болатын.

Чехия президенті Петр Павел ауруханаға түсті

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.