jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

"Тарихи шешім": Испания Палестинаны тәуелсіз мемлекет ретінде ресми түрде мойындады

Палестина туы
Палестина туы. Фото: Getty Images/Anadolu Agency/Contributor

Испания премьер-министрі Педро Санчес елінің Палестинаны мемлекет ретінде ресми мойындағанын мәлімдеді. Оның сөзінше, бұл — тарихи шешім, деп хабарлайды Aljazeera арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Премьер-министр Педро Санчестің айтуынша, Испания Палестинаны тәуелсіз мемлекет ретінде ресми түрде мойындады.

"Бұл — әділетке бағытталған тарихи қадам және бейбітшілікке жетудің жалғыз жолы", - деді Санчес.

Испания Палестинаның мемлекеттігін мойындаған Ирландия, Норвегия және тағы 144 елдің қатарын қосылды.

Еске салайық, 22 мамырда Euronews тілшілері мәлім еткендей, Испания премьер-министрі Педро Санчес оның елі 28 мамырда Палестинаны мемлекет ретінде танитынын айтқан.

Испания социалистерінің жетекшісі сәрсенбіде ел парламентінде мәлімдеме жасалатынын жеткізген еді.

"Тарихи шешім": Испания Палестинаны тәуелсіз мемлекет ретінде ресми түрде мойындады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram