jitsu gif

49,9 градус ыстық: Үндістанда ауа температурасының рекордтық көрсеткіші тіркелді

Делиде су шашып жүрген көлік
Делиде су шашып жүрген көлік. Фото: ARUN SANKAR/AFP via Getty Images

Үндістандағы ауа температурасы рекордтық көрсеткіш 49,9°С-қа жетті. Бұл синоптиктер күткен болжамнан 9 градусқа жоғары, деп хабарлайды The Guardian басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Үндістанда ауа температурасы рекордтық көрсеткішке көтеріліп, 49,9°C болды. Осыған байланысты ел билігі су тапшылығы болатынын ескертті.

Үндістанның метеорологиялық департаменті өкілдері 29 мамырда тіркелген ауа температурасы болжамды межеден тоғыз градус жоғары екенін айтты.

Шенеуніктер аптап ыстық сәбилердің, қарттардың және созылмалы ауруы бар адамдардың денсаулығына кері әсер етуі мүмкін екенін ескертті.

Үндістан астанасы Нью-Дели билігі аптап ыстықтан қалада қол жетімді су қоры таусылуы мүмкін екенін жеткізді. Су министрі Атиши Марлена ұжымдық жауапкершілікке шақырып, азаматтардан суды ысырапсыз пайдалануға шақырды.

Басылым мәліметінше, кейбір аудандарда су беру күніне екі реттен бір ретке дейін қысқарды.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.