Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Эверест қателікті кешірмейді": непалдық шерп әлемнің ең биік шыңын 30-рет бағындырды

Опубликовано:

Ардагер шерп Ками Рита
Ардагер шерп Ками Рита. Фото: instagram.com/kamiritasherpa

Күні кеше қазақ қыздары тарихымызда тұңғыш рет Эверестті бағындырған болатын. Альпинистерді осындай қауіпті сапарда бастап жүретін шерптер жайлы бірі білсе, бірі білмес. Солардың бірі күні кеше әлемнің ең биік нүктесін 30-рет бағындырды. Толығырақ KAZ.NUR.KZ материалынан оқыңыздар.

Шерптер Непалды бүкіл әлемге танымал етті, дегенмен олар непалдық емес, Тибеттен келгендер. "Shar pa" сөзі "Шығыс адамы" дегенді білдіреді. Көптеген ғасыр бұрын олар Непалдың солтүстігіндегі алып таулы елдің оңтүстік-шығыс бөлігінен көшіп, асуларды кесіп өтіп, Джомолунгма етегіне – Кхумбу аңғарына келіп тоқтайды. Осылайша бұл жер олардың екінші үйіне айналады.

Шерптердің халық саны 30 жылда айтарлықтай өсті. Мәселен, 1975 жылы олардың саны 25 мыңға жуық адамды құраса, 2001 жылы бұл ұлттың 154 622 өкілі тіркелген.

Күні кеше осындай шерптердің бірі – Ками Рита өзінің рекордын жаңартып, 30-рет шыңға көтерілді. 54 жастағы гид туристерді 1994 жылдан бері әлемнің ең биік нүктесіне апарумен айналысады.

Автоспортта Михаэль Шумахер болса, футболда – Пеле, гольфте – Тайгер Вудс. Альпинизм әлемінде де өз спортының символына айналған адам бар. Ол – "Эверест-адам" атанған непалдық Ками Рита. Тарқатып айтар болсақ, ол альпинист емес, шерп – арманын жүзеге асырғысы келетін ауқатты клиенттердің Эверестке баруына көмектеседі. Дегенмен әлемде ол сияқты әлемнің ең биік тауына көп шыққан ешкім жоқ.

Ол Гималайда туып-өскендіктен, альпинизм саналы таңдауы болды деуге келмес. Непалдың биік таулы жерлерінде аман қалу үшін бәрін де үйренуге тура келеді. Балалық шағында мектепке бару үшін Ками төрт сағат бойы қиын жолдармен жүруге мәжбүр болған.

Бір кездері ол монах болғысы келіп, тіпті будда монастырындағы мектепте білім алады, алайда отбасындағы қиын қаржылық жағдайға байланысты ол арманынан бас тартуға тура келеді.

Міне, осылайша ол 10 жасында мектепті тастап, альпинистік экспедицияларда жүк тасушы болып жұмыс істей бастады. Мұнысы дұрыс та еді, себебі Эверест қашанда туристерді қызықтыратын және шыңға жету жолында жүк таситын адам, сондай-ақ гид қызметі де аса қажет болатын. Бұған қоса Лхакпа есімді үлкен ағасы осы кәсіппен айналысып жүрді.

Ками Рита қашанда Эвересттің қателікті кешірмейтінін айтады. 2014 жылы ол Кхумбу құлама мұзында 16 шерптің өліміне әкелген серактың құлауын өз көзімен көрген еді.

"Егер өз күшіңізге немесе жолдың қауіпсіздігіне күмәндансаңыз, тауға шықпағаныңыз дұрыс. Бұған еш уайымдамаңыз, себебі Эверест ешқайда кетпейді, сондықтан сіз басқа кез келген уақытта шыңға шығуға қайта тырысып көре аласыз", – дейтін ол клиенттеріне тауды бағындыруға кедергі келтірген ауа райының қолайсыздығы немесе басқа да жағдайлар кезінде.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін біз тұңғыш қазақ қызының Эверестті бағындырғанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ араға бірнеше күн салып, Жәмилә Буашева есімді отандасымыз да әлемнің ең биік нүктесіне шыққан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2109000-everest-qatelikti-keshirmeidi-nepaldyq-sherp-alemning-eng-biik-shyngyn-30-ret-bagyndyrdy/