Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Грузияда шетелдік агенттер туралы заң ресми түрде күшіне енді

Опубликовано:

Грузиядағы наразылықтар
Грузиядағы наразылықтар. Фото: Nicolo Vincenzo Malvestuto/Getty Images

Грузияда шетелдік агенттер туралы заң ресми түрде қабылданды. Оған парламент спикері Шалва Папуашвили қол қойды. Бұл заң бүкіл ел бойынша жаппай наразылық тудырды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ РБК сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

"Бүгін мен сыртқы ықпалдың ашықтығы туралы заңға қол қойдым. Заңның басты мақсаты —грузияның саяси, экономикалық және әлеуметтік жүйелерінің сыртқы күшке берік екенін дәлелдеу", - дейді Папуашвили.

Еске сала кетейік, 14 мамырда Грузия парламенті үшінші және соңғы оқылымда шетелдік агенттер туралы заң қабылдады. 84 депутат қолдап, 30 депутат қарсы дауыс берді. Ел президенті Саломе Зурабишвили заңға вето қойған еді Алайда парламенттегілердің көбі дауыс бергендіктен, ветоның күші жойылды.

Кейінірек ЕО елдері "Шетелдік агенттер туралы" заң үшін Грузияның НАТО-ға жолын жабамыз деп қорқытты. Ресейдің ВВС орыс қызметі АҚШ оны қабылдағанына жауап ретінде осы елге визалық шектеу енгізетінін мәлімдеді.

Айта кетейік, бұл заңның қабылдануына Грузияның мыңдаған азаматы қарсы шықты. Олар бірнеше рет шерулер өткізді. Тіпті парламент ғимаратының жанына да жиналып қарсылықтарын білдірген болатын.

"Шетел ықпалының ашықтығы турал" заң жобасын бір жыл бұрын "Грузин арманы" партиясы бүкіл ел бойынша басталған жаппай наразылықтарға байланысты кері қайтарған еді.

Авторы: Аяулым Серікқызы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2111373-gruziiada-sheteldik-agentter-turaly-zang-resmi-turde-kushine-endi/