АҚШ шетелдік агенттер туралы заңға байланысты Грузияға санкция салды
Жарияланған күні:
Читать на русскомАҚШ шетелдік агенттер туралы заң қабылдауына байланысты Грузияның ондаған азаматына, оның ішінде парламент депутаттары мен олардың отбасына визалық шектеулер енгізіп жатыр, деп хабарлайды РБК-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Грузия азаматтарына санкция салынғанын брифингте АҚШ Мемлекеттік департаментінің ресми өкілі Мэттью Миллер хабарлады.
"Виза шектеулерінің бірінші тізіміне "Грузия арманы" партиясының мүшелері, парламент депутаттары, құқық қорғау органдарының қызметкерлері және қарапайым азаматтар кіреді", - деді Мемлекеттік департаменттің өкілі.
Оның айтуынша, Вашингтон Грузия басшылығы өз қадамын қайта қарап, "бұған дейін мәлімдеген демократиялық және еуроатлантикалық ұмтылыстарына" оралады деп күтіп отыр, олай етпеген жағдайда АҚШ қосымша шаралар қабылдайды.
Грузия тарабы бұл жағдайға жауап берді. Грузияның вице-премьері, мәдениет және спорт министрі Тея Цулукиани АҚШ-тың бұл шешімін "қате" деп атады.
"Бұл АҚШ-тың стратегиялық серіктестеріне жасаған тағы бір қателігі. Бұл бірінші қателік болмауы мүмкін. Біз басқа да қателіктерге жол берілетінін шамалауымыз керек", - деді ол.
Цулукианидің айтуынша, Грузияның қазіргі үкіметі "кейбір адамдарға" проблема тудырып отыр.
Еске салсақ, 14 мамырда Грузия парламенті үшінші және соңғы оқылымда шетелдік агенттер туралы заң қабылдады. 84 депутат қолдап, 30 депутат қарсы дауыс берді. Ел президенті Саломе Зурабишвили заңға вето қойған еді Алайда парламенттегілердің көбі дауыс бергендіктен, ветоның күші жойылды.
Кейінірек ЕО елдері "Шетелдік агенттер туралы" заң үшін Грузияның НАТО-ға жолын жабамыз деп қорқытты. Ресейдің ВВС орыс қызметі АҚШ оны қабылдағанына жауап ретінде осы елге визалық шектеу енгізетінін мәлімдеді.
Айта кетейік, бұл заңның қабылдануына Грузияның мыңдаған азаматы қарсы шықты. Олар бірнеше рет шерулер өткізді. Тіпті парламент ғимаратының жанына да жиналып қарсылықтарын білдірген болатын.
3 маусымда заңға ақыры қол қойылды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2113632-aqsh-sheteldik-agentter-turaly-zangga-bailanysty-gruziiaga-sanktsiia-saldy/