jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Армениядағы жанармай құю бекетінде жойқын жарылыс болды: екі адам жансақтау бөлімінде жатыр (видео)

Армениядағы жарылыс
Армениядағы жарылыс. Видеодан кадр: t.me/armeniasputnik

Бейсенбі, 6 маусымда кешкі уақытта Арменияда жарылыс болды. Ереван-Севан тасжолында орналасқан жанармай құю бекетінде цистерна жарылды. Төтенше жағдай салдарынан бірнеше адам зардап шекті.

Sputnik Армения агенттігінің елдің Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап хабарлауынша, бейсенбі кешке газ құю станциясындағы жарылыс салдарынан зардап шеккен бес адам Еревандағы ауруханаға жеткізілді.

Кейін елдің Ішкі істер министрлігі жанармай құю бекетінде жарылыс болғанын растады, жанармай құятын цистерна жарылған. Бұған қоса оқиға орнында бірнеше рет жарылыс болуы мүмкін деген қауіп сақталып отырғаны хабарланды.

РИА Новости Армения Ішкі істер министрлігінің баспасөз хатшысы Нарек Саркисянның мәлімдемесіне сілтеме жасап, жарылыс Ереван-Севан тасжолының екінші километрінде болғанын жазды. Жарылыстан кейін бұл жерде бірден өрт шықты.

Арменияның News.am басылымы 7 маусымда таңертең жарылыстан зардап шеккендер саны 7 адамға жеткенін нақтылады.

Зардап шеккендердің екеуі жансақтау бөлімінде жатыр, олардың жағдайы өте ауыр деп бағаланып отыр.

Зардап шеккен төрт адамның денсаулығы тұрақты, бір зардап шегушіге медициналық көмек көрсетілгеннен кейін ауруханадан шығарылды.

Армениядағы жанармай құю бекетінде жойқын жарылыс болды: екі адам жансақтау бөлімінде жатыр (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.