Дағыстанда теракт жасады деген күдіктілердің әкесі "Единая Россия" партиясынан шығарылды
Жарияланған күні:
Читать на русскомДағыстандағы "Единая Россия" партиясының жергілікті бөлімше хатшысы болған Магомед Омаров партиядан шығарылды. Ресейлік БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, оның ұлдары республикадағы синагога мен шіркеуге жасалған шабуылға қатысы болуы мүмкін деп күдікке ілінді.
"Единая Россияның аймақтық саяси кеңесінің президиумы Сергокалинск ауданының басшысы, жергілікті бөлімшенің хатшысы Магомед Омаровты "Единая Россияның" беделін түсіретін әрекеттері үшін жарғыға сәйкес партиядан шығару туралы шешім қабылдады", - делінген партияның Дағыстан өңірлік филиалының Telegram-дағы арнасында.
РБК агенттігінің құқық қорғау органдарындағы дереккөздер сүйеніп хабарлауынша, Магомед Омаров кеше Дағыстанда ұсталды. Ақпаратты бірқатар ресейлік ақпарат құралы да растады. Одан жауап алынып жатыр. Оның екі ұлы кеше Дағыстандағы шіркеу мен синагогаға шабуыл жасады деген күдіктілер қатарына іліккен. Басылымның мәліметінше, оқиға орнында олардың көзі жойылған.
Еске салсақ, 24 маусымға қараған түні Махачкала мен Дербентте террористік шабуылдар жасалған. Салдарынан 15-тен астам полиция қызметкері мен бірнеше бейбіт тұрғын қаза тапты.
Сонымен қатар Дағыстанда үш күн қатарынан қаралы күн жарияланды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2122692-dagystanda-terakt-zhasady-degen-kudiktilerding-akesi-edinaia-rossiia-partiiasynan-shygaryldy/