jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Дағыстанда теракт жасады деген күдіктілердің әкесі "Единая Россия" партиясынан шығарылды

Магомед Омаров
Магомед Омаров. Фото: sergokala.ru

Дағыстандағы "Единая Россия" партиясының жергілікті бөлімше хатшысы болған Магомед Омаров партиядан шығарылды. Ресейлік БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, оның ұлдары республикадағы синагога мен шіркеуге жасалған шабуылға қатысы болуы мүмкін деп күдікке ілінді.

"Единая Россияның аймақтық саяси кеңесінің президиумы Сергокалинск ауданының басшысы, жергілікті бөлімшенің хатшысы Магомед Омаровты "Единая Россияның" беделін түсіретін әрекеттері үшін жарғыға сәйкес партиядан шығару туралы шешім қабылдады", - делінген партияның Дағыстан өңірлік филиалының Telegram-дағы арнасында.

РБК агенттігінің құқық қорғау органдарындағы дереккөздер сүйеніп хабарлауынша, Магомед Омаров кеше Дағыстанда ұсталды. Ақпаратты бірқатар ресейлік ақпарат құралы да растады. Одан жауап алынып жатыр. Оның екі ұлы кеше Дағыстандағы шіркеу мен синагогаға шабуыл жасады деген күдіктілер қатарына іліккен. Басылымның мәліметінше, оқиға орнында олардың көзі жойылған.

Еске салсақ, 24 маусымға қараған түні Махачкала мен Дербентте террористік шабуылдар жасалған. Салдарынан 15-тен астам полиция қызметкері мен бірнеше бейбіт тұрғын қаза тапты.

Сонымен қатар Дағыстанда үш күн қатарынан қаралы күн жарияланды.

Дағыстанда теракт жасады деген күдіктілердің әкесі "Единая Россия" партиясынан шығарылды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.