Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"ТЖМ тікұшағы арқылы ұсыныс жасалған": қырғыз президенті кешірім сұрады (видео)

Опубликовано:

Садыр Жапаров
Президент Садыр Жапаров. Фото: kabar.kg

Қырғызстан президенті жиенінің оқиғасына қатысты пікір білдірді – бойжеткенге Қырғызстан Төтенше жағдайлар министрлігінің тікұшағы арқылы тұрмысқа шығу ұсынылған. Бұл туралы "Кабар" ұлттық ақпараттық агенттігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров жиені Ләззат Нұрғожоеваның айналасында туындаған даулы жайтқа қатысты пікір білдірді. Бұған дейін бойжеткеннің сүйіктісі оған Төтенше жағдайлар министрлігінің тікұшағын пайдаланып, үйленуге ұсыныс жасаған.

Қырғызстанның мемлекет басшысы тұрғындарды ысырапшылдыққа жол бермеуге шақырғанмен, ел азаматтары оның туыстарының әрекетін ерсі деп танып, наразылығын білдірді.

"Иә, дұрыс айтасыздар. Ел басшысының туыстары тұрғындарға үлгі болуы керек. Мен ысырапшылдықты тоқтату керегін жиі айтамын. Тым болмаса, болашақ күйеу бала мұндай ұсыныс жасамас бұрын, мені қолдауына болар еді. Ол президентті ыңғайсыз жағдайға қалдырмауға, сынның астында қалмауға тырысуы керек еді. Менің ойымша, оның бұл әрекеті жастық шақтың қателігі. Егер ол қалыңдықтың қолын жай ғана келіп сұрағанында, ешкім оған бас тартпас еді.

Осы орайда Қырғызстанның Төтенше жағдайлар министрлігі тікұшақтың үш түрін сатып алған болатын. Барлығы да судай жаңа", - деді Жапаров.

Ел президентінің айтуынша, әуе кемелерінің шығынын өтеп, өз-өзін қамтамасыз етуі үшін мемлекет бұл тікұшақтарды ел қажеттілігіне пайдаланылмаған уақытта коммерциялық мақсаттарға қолдануға рұқсат берген. Сондықтан оларды кез келген азамат пайдалана алады – ал жиналған ақшаның барлығы бюджетке түсіп, жаңа тікұшақтар сатып алуға жұмсалады.

Жапаров маңызды мемлекеттік қызмет атқарып жүргендіктен жақындары мен туған туыстарына қатаң талап қоятынын айтты.

"Мен жиенім үшін халықтан кешірім сұраймын", - деді ол.

Айта кетейік, Kaktus.Media оқиғаның видеосын жариялаған болатын.

Қырғызстан президентінің жиені Ләззат Нұрғожоеваның болашақ жарының есімі Афтандил. Ол Қашқа-Суу ауылындағы Оруу-Сай шатқалында үйленуге ұсыныс жасаған – ерлі-зайыпты ол жаққа Қырғызстан Төтенше жағдайлар министрлігінің тікұшағымен ұшып келген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2124234-tzhm-tikushagy-arqyly-usynys-zhasalgan-qyrgyz-prezidenti-keshirim-surady-video/